foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуальная приемная

Государственные символы

Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында "Мектеп жасына дейінгі балаларда ерте кәсіптік бағдарлауды қалыптастыру" эксперименттік алаң, сонымен қатар мектеппен сабақтастық аясында «Ұлттық құндылықтар арқылы зияткерлік, ерте кәсіптік бағдарлау қабілетін дамыту» атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты:
Ұлттық құндылықтар арқылы, балалардың кәсіптер әлемі туралы білімдерін қалыптастыру, үлкендердің еңбек әрекетіне қызығушылықтарын арттыру. Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын нығайту.
Семинарға №75 мектеп-гимназияның ұстаздары, ата-аналар, балабақша педагогтері толығымен қатысты.
Семинар барысында балабақша әдіскері Л.Ж.Аханова семинар тақырыбы бойынша баяндама-презентация жасады.
Тәрбиеші-педагогтар Умбетова Г.Е., Ермекбаева Ж.Қ, ересек «Балбөбек» тобында «Мамандықтар әлеміне саяхат» атты ұйымдастырылған әрекетін, Нуртаева Г.А., Муханова К.Т., Батарбекова Н.Х мектепалды «Звездочка» тобында «Шеберлер әлемі» атты ұйымдастырылған әрекетін, Нурсеитова Н.З, Шильдебаева Э.А, Мурашбекова Г.С, Сембина Ж.М. мектепалды «Балдаурен» тобында «Ормандағы өрт» атты театрландырылған қойылымын өткізді.
Семинар соңында балабақша педагог-психологы Аскарова Н.Ж тренинг өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Copyright 2024  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны