foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуальная приемная

Государственные символы

25.01.2024 ж Астана қаласының №87 «Қадыр» балабақшасында дене шынықтыру нұсқаушылары Ж.К.Нуржанова Қ.У. және Өреспаевтың ұйымдастыруымен "Толағай" отбасылық қысқы ойындар сайысы

Мақсаты: Балалар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Ата-аналарды және балаларды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


"Толағай" отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұлттың қалыптасуына атсалысады, қатысушы әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлау.
"Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында "Толағай" отбасылық қыскы ойындар сайысы өткізілді. Отбасылар сайысына 5 отбасы қатысты.
Сайысқа балабақшамыздың медбикесі қатысып, сайысқа қатысушыларға қауіпсіздік ережелері мен әділқазылар алқасы таныстырылды.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланды. Сайыстың бағдарламасы 5 кезеңнен тұрды.
І-кезең: «Таныстыру». (Топты таныстыру, ұраны)
ІІ-кезең: «Клющка» сайысы.
ІІІ- кезең: «Шанамен жүгіру»
ІV- кезең: «Қар жинау»
V-кезең: «Снайпер» сайысы
VІ- кезең: «Кім жылдам? Шаңғы жарысы»
Сайыс қызықты көңілді өтті, ата аналар алғыстарын білдірді.
Ойын нәтижесі бойынша:
1 ші орынға Мухаметкалиевтер әулеті звездочка тобы ата анасы,
2 ші орынға Мухамбетовтер мен Байсадық әулеті Нұрай , Балбөбек топ ата аналары,
3 ші орынға Бахраевтар мен Мұқановтар әулеті Балдәурен, Қазына топ ата аналары ие болды.
Отбасылар мадақтама және медалдармен марапатталды.

 

Copyright 2024  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны