foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуальная приемная

Государственные символы

26.01.2024 № 87 "Қадыр" балабақшасында "мектеп жасына дейінгі балаларда ерте кәсіптік бағдарлауды қалыптастыру"алаңы аясында белгілі қолөнершімен кездесу өтті

26.01.2024 ж Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында, балаларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатымен, сонымен қатар «Мектеп жасына дейінгі балаларда ерте кәсіптік бағдарлауды қалыптастыру» атты Эксперименталдық алаң аясында, Ақмола облысының белгілі қолөнер шебері Күлянда Ғалиасқарқызымен кездесу өтті.

Кездесу барысында  Күлянда Ғалиасқарқызы, балаларды қазақ халқының ұлттық өнерінің бірі – ою-өрнекпен, олардың түрлерімен, атауларымен таныстырды. Балаларға түрлі түсті қағаздан тұмарша жасауды үйретті, тұмаршаның қадір-қасиеті туралы айтып өтті. Ұлттық құндылықтар бір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға   мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары және әр халықтың тарихын, дәстүрлерін сонау көне ғасырлардан біздің уақытқа дейін жеткізген құрал. Мәңгілік ел болу үшін құндылықтарымызды мектеп жасына дейінгі  балалардың сана –сезіміне сіңіріп табыстау, бізідің басты мендетіміз. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы!

 

  

Copyright 2024  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны