foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуальная приемная

Государственные символы

Ақпарат

2023 жылдың 13 қарашасында «Мектеп жасына дейінгі балаларда ерте кәсіптік бағдарлауды қалыптастыру» әксперименттік алаң аясында, әдістемелік көмек көрсету және іс-тәжірибе алмасу мақсатымен №87 «Қадыр» балабақшасында №41, №54,  №60, №70, №95  балабақшаларының меңгерушілері  мен әдіскерлерінің  кездесуі өтті.

Іс-тәжірибе алмасу барысында қазақ тілі мұғалімі Нуртаева Г.А «Аққу, шортан һәм шаян» атты А.Байтұрсынұлының Крыловтан аудармасын мысал ертегі ретінде, «Звездочка» мектепалды даярлау тобымен театрландырылған қойылым арқылы көрсетті, Мақсаты: орыс тілді балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілін дамыту, театр мәдениетіне баулу.

Әдістемелік бөлмеде, балабақша педагогтарының сапалық құрамы, жылдық жоспары, әдістемелік бірлестіктің, біртұттас тәрбие бағдарламасының, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталылығының, эксперименталдық  алаңның  құжаттары  қаралып, пікір алмасу өтті.

Сонымен қатар, қатысушылар, балабақшаның қазақ тілі бөлмесі,  Реджио кабинеті, театр студиясы және топтардың жабдықталуына  қызығушылық танытып, сұрақтарына  толық  мәлімет алды. Аталмыш бөлмелер балалардың  өз ойларын еркін жеткізіп, қарым-қатынас жасауға өте тиімді. Балалардың ойлау белсенділігі артып, қызығушылықтары оянады, тәрбиешілердің бойында ізденуге деген талпыныс күшейеді. Балабақшадағы топтық және жекелей жұмыстар нәтижесінде балалардың білім деңгейін көтеруге және қабілеттерін ұштай түсуге болатындығына көз жеткіздік, - деп айтып өтті балабақша  меңгерушісі Л.М.Рахимжанова.

Copyright 2024  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны