foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуалды қабылдау бөлмесі

Бүгін 15.03.2023 ж. күні Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында «Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың көркем-эстетикалық қабылдауын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді

Бүгін 15.03.2023 ж.  күні Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасында  «Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың көркем-эстетикалық қабылдауын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Мақсаты: Көркем-эстетикалық тәрбие арқылы балалардың сөйлеуін дамыту, әсемдікке баулау, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Семинарға 25-тен астам балабақша меңгерушілері мен педагогтары қатысты. Іс-шара барысында:

  • «Көктем лебі» музыкалық би композициясы көрсетілді
  • «Шебер гномдар» сиқырлы студиясында  интерактивті ұйымдастырылған іс-әрекеті
  • Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Анденова Айзараның «Көктемгі оқиға» авторлық ертегісі желісіндегі театрландырылған қойылымы
  • «Салтым-асыл қазынам!» ұлттық дәстүрлерді қолдану арқылы қазақ тілін дамыту тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті көрсетілді.

Йорк университетінің түлегі, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің докторанты, «НЗМ» ДББҰ Зерттеу департаментінің директоры – Рамазанова Айжан Сагынжановна «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту: зерттеулер не дейді» тақырыбында ғылыми презентация жасап, мектепке дейінгі білім беруді зерттеу нәтижелерімен бөлісті.     

Queen Mary университетінің түлегі, «BALAM»балабақшалар мен ата-аналарға арналған мобильді қосымшаның негізін қалаушы, Қазақстандағы алғашқы Reggio кеңесші -Тайбасарова Алтынгуль Булатовна «Реджио жобасының балалардың көркем-эстетикалық дамуына әсері» тақырыбында прзентация жасап, тәжірибе ретінде  шебер-сыныбын өткізді. 

Copyright 2024  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны