Экскурсияның мақсаты: балаларды мектеппен таныстыруу.
Міндеттері: «сабақ», «үзіліс» деген ұғымдар арқылы балалардың мектеп, мұғалімдік мамандық туралы білімдерін кеңейту; мектепте оқуға деген құштарлықты қалыптастыру; балаларды тәрбиелеу мен оқытуға атсалысқан адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбиеленушілер мектеп оқушыларының спорт залдағы спорт жарыстарына дайындығын көрді.
Балалар мен екінші сынып оқушылары бір-біріне сұрақ қойып, нәтижесі қызықты диалогке айналды.
Экскурсия соңында балалар мектеп қызметкерлеріне, оқушыларға алғыс айтты.