foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Виртуалды қабылдау бөлмесі

Астана қаласының №75 мектеп-гимназиясына Экскурсия.

10.04.24 Астана қаласы әкімдігінің №87 «Қадыр» балабақшасының «Балдаурен» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Астана қаласының №75 мектеп-гимназиясына экскурсия жасады.
Экскурсияның мақсаты: балаларды мектеппен таныстыру, мектептегі мұғалім, аспасшы ,кітапханашы мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметіне шолу жасау. Балалардың мектеп туралы түсінігін кеңейту, «мұғалім», «сабақ», «қоңырау», деген сөздер ұғымына түсінік беру, білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын мамандықтардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Балалар ғарышкерлер күніне арналған бұрышта зымыран, скафандрлерді тамашалап, макеттермен суретке түсті. Мектеп кітапханашысы балаларға кітапхана туралы әңгімелеп берді, кітапханада қалай жүріп-тұру ережелерін де атап өтті. Балалар кітапханада сөрелерден кітаптарды алып қызықтап көрді. Сонымен қатар, балалар Абай бөлмесімен танысты, тәрбиеленуші Қайратов Ануар Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып берді. Экскурся өте қызық және мағыналы өтті.

Copyright 2024  Астана қаласы әкімдігінің "№87 "Қадыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны