Экскурсияның мақсаты: балаларды мектеппен таныстыру, мектептегі мұғалім, аспасшы ,кітапханашы мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметіне шолу жасау. Балалардың мектеп туралы түсінігін кеңейту, «мұғалім», «сабақ», «қоңырау», деген сөздер ұғымына түсінік беру, білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын мамандықтардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Балалар ғарышкерлер күніне арналған бұрышта зымыран, скафандрлерді тамашалап, макеттермен суретке түсті. Мектеп кітапханашысы балаларға кітапхана туралы әңгімелеп берді, кітапханада қалай жүріп-тұру ережелерін де атап өтті. Балалар кітапханада сөрелерден кітаптарды алып қызықтап көрді. Сонымен қатар, балалар Абай бөлмесімен танысты, тәрбиеленуші Қайратов Ануар Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып берді. Экскурся өте қызық және мағыналы өтті
https://www.instagram.com/reel/C53MMzTsnT0/?igsh=bXA3ZnpzdGpuejk=